ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

ЖОО трансформациясы жағдайындағы педагогикалық шеберліктің негіздері

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 2026 жылғы 05–16 қаңтар аралығында университеттің жас профессор-оқытушылар құрамы үшін «ЖОО трансформациясы жағдайындағы педагогикалық шеберлік» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтуде.

Біліктілікті арттыру курсына академиялық мәселелер жөніндегі проректор Алпысбаева Г.Е., халықаралық қатынастар жөніндегі проректор Абазов Р.Ф., тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ералиева А.Ш., педагогика ғылымдарының кандидаты, оқу процесінің мазмұны бөлімі басшысы Кусаинова Ж.А., регистратор офисінің басшысы Умарова Л.А., аккредитация және рейтинг секторының меңгерушісі Кайпбаев Е.Т., қауымдастырылған профессор м.а. Скабаева Г.Н. қатысты.

Курстар бағдарламалары білім беру жүйесінде орын алып жатқан жүйелі жаңартуларды қамти отырып, педагогтерді өзекті кәсіби ақпаратпен қамтамасыз етеді, практикалық бағытта ұйымдастырылған және келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • Оқу-әдістемелік жұмыс;

  • Салалар бойынша ғылыми зерттеулер;

  • Тәрбие жұмысы;

  • Халықаралық қатынастар;

  • MOOC (жаппай ашық онлайн курстар) әзірлеу;

  • Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі;

  • Педагогикалық басқару шеберлігі;

  • Педагогикалық шеберліктің құрамдас бөлігі ретіндегі педагогикалық техника;

  • Психология және инклюзивті білім беру ортасы және т.б.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник