ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

ҚазҰАЗУ-дағы ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ: МІНДЕТТЕН МИССИЯҒА ДЕЙІН

✅Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде бекітілген жоспарға сәйкес Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор А.Ш. Ералиеваның жетекшілігімен Жастар ісі жөніндегі басқарма мамандары академиялық топ кураторларымен кездесулер өткізіп, нәтижесінде факультеттер мен кафедраларда тәрбие жұмысының жүргізілу барысына талдау жасалынды, сондай-ақ тәрбиенің негізгі бағыттары бойынша әдістемелік кеңес берілді.

✅2026 жылғы 14-16 қаңтар аралығында бекітілген кестеге сәйкес әр факультетте өткізілген бұл кездесулер барысында алдағы кезеңде тәрбиенің қандай басымдықтарына назар аудару қажеттілігі айқындалды.

✅Бүгінгі таңда жастар тәрбиесі тек білім беру үдерісінің құрамдас бөлігі ғана емес, ол - азаматтық жауапкершілігі жоғары, құқықтық мәдениеті қалыптасқан, патриоттық санасы берік, салауатты өмір салтын ұстанатын және әлеуметтік белсенді тұлға қалыптастыруға бағытталған стратегиялық маңызы бар мемлекеттік міндет. Мемлекет Басшысы «Түркістан» газетіне берген жуырдағы сұхбатында жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін күшейту, дарынды, бастамашыл әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берді.

✅Бұл өз кезегінде жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмысының мазмұны мен сапасын қайта қарауды, оны заман талабына сай жетілдіруді талап етеді.

✅Кураторлармен кездесу барысында Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасы негізінде тұлғаның рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ «Адал азамат» қағидаттарын білім алушылар арасында насихаттау бағытындағы жұмыстардың жүргізілу барысы қаралды. Университетте «Заң және тәртіп» идеологиясының іске асырылуы, «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы экологиялық және азаматтық іс-шаралардың ұйымдастырылу деңгейі талданды. Психологиялық қызметпен тығыз байланыс орната отырып өткізілетін адаптациялық және коммуникациялық тренингтер, жастар арасында өзекті мәселе болып отырған лудомания, буллинг және кибербуллинг, нашақорлықтың алдын алу және т.б. тақырыптағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының мазмұны мен жүйелілігі қарастырылды. Әсіресе тәрбиелік сағаттардың өткізілу сапасы, куратордың өз тобындағы студенттермен жүргізетін жұмыс деңгейі, тәрбиеге қатысты құжаттардың толтырылу сапасы тексеру нысанына алынды.

✅Топ кураторларымен пікір алмасу барысында шетелдік студенттермен жүргізілетін тәрбие және бейімдеу жұмыстары, олардың әлеуметтік және мәдени ортаға кірігуіне бағытталған жұмыстар талқыланып, әдістемелік кеңестер берілді.

Бұдан бөлек, студенттердің жатақханаға орналасу процесі, медициналық қызметтерге қол жетімділік, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, талантты білім алушыларды шығармашылық үйірмелерге, ғылыми жобаларға тарту деңгейі де талқыланды.

✅Тәрбие жұмысына қатысты құжаттарды қарау кезінде жұмыс жоспарлары, есептері, өткізілген іс-шаралардың жүйелілігі мен мазмұндық сапасы талдау жасалып, өзекті мәселелер мен ұсыныстар ортаға салынды.

✅Нәтижесінде тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға, құжаттаманы жетілдіруге және алдағы кезеңдерге арналған басым бағыттарды нақтылауға мүмкіндік туды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник