KazNARU-де «Денсаулық – 2026» спартакиадасы аясында баскетбол жарыстары өтті
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде университетішілік «Денсаулық – 2026» спартакиадасы аясында профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында баскетболдан жарыстар өтті.
Жарыстар жоғары бәсекелестік пен спорттық рухқа толы жағдайда ұйымдастырылды. Командалар өзара үйлесімді ойын өрнегін, жоғары деңгейдегі дене дайындығын және жеңіске деген жігерін көрсетті. Баскетбол матчтары тартысты өтіп, кездесулердің нәтижесі соңғы минуттарға дейін шешіліп отырды.
Жарыс қорытындылары
Әйелдер арасындағы баскетбол:
-
1 орын — Әкімшілік
-
2 орын — Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультеті
-
3 орын — Ветеринария және зооинженерия факультеті
-
4 орын — Инженерлік технологиялар факультеті
Ерлер арасындағы баскетбол:
-
1 орын — Әкімшілік
-
2 орын — Инженерлік технологиялар факультеті
-
3 орын — Ветеринария және зооинженерия факультеті
-
4 орын — Су ресурстары және IT технологиялар факультеті
Осындай спорттық іс-шараларды өткізу университетте корпоративтік рухты нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға ықпал етеді.
Еске сала кетсек, бүгін «Денсаулық – 2026» спартакиадасының қорытынды күні!
Бүгін университетішілік «Денсаулық – 2026» спартакиадасының финалдық жарыстары өтеді. Күн бағдарламасында:
-
Ерлер командалары арасында футбол
-
Арқан тарту
Спорттық мереке сағат 16:30-да өтетін спартакиаданың салтанатты жабылуымен және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімімен аяқталады.
📍 Өтетін орны: №6 корпус, спорт залы
Командаларға қолдау білдіріп, марапаттау рәсімінің куәсі болуға шақырамыз!


.jpeg)

.jpeg)




.jpeg)
.jpeg)




.jpeg)
