ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU-да «ДЕНСАУЛЫҚ – 2026» СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

✅ 2026 жылдың 5 қаңтарында 5–15 қаңтар аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында өтетін ауқымды «Денсаулық–2026» спартакиадасы салтанатты түрде ашылды.

✅«Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының» меңгерушісі Меруерт Тұяқбаева білім алушылардың қысқы каникулда жүрген сәттерін оңтайлы пайдаланып, спорттың 9 түрінен өзара күш сынасқан профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер екінші жағынан денсаулықтарын шыңдауға мүмкіндік алғанын атап өтті.

✅Спартакиада да спорттың бес түрі бойынша 9 жарыс өткізіледі. Атап айтқанда: волейбол, баскетбол, футзал, шахмат, қол күресі және арқан тарту сайыстары ұйымдастырылады.

✅Аталған жарыстың басты мақсаты – ұжым арасында бұқаралық спортты дамыту, денсаулықты нығайту, командалық рух пен ынтымақтастықты арттыру, сондай-ақ белсенді өмір салтын қалыптастыру.

✅ «Біздің университетте заманауи үлгідегі спорт кешені, спорттық құралдармен жабдықталған тренажерлық зал, жаздық футбол алаңы және бір жабық мини футбол алаңы, жүгіру жолағы жасалған Орталық стадионымыз бар. Білім алушылардың жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптасуына және ұстаздардың бос уақыттарында спортпен шұғылдануына тікелей қызмет ететін осындай нақты жағдайлар жасап, үлкен қолдау көрсетіп отырған университет басшылығына алғысымыз зор», - дейді Меруерт Тұяқбаева.

✅ Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз! KazNARU тек қана алға!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник