ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU-да «ENGLISH TALENT SHOW» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

✅2025 жылдың 28 қарашасында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде (ҚазҰАЗУ) студенттердің ағылшын тіліндегі шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған «English Talent Show» байқауы өтті.

✅Іс-шараны үйымдастырушылары: Жалпы білім беру пәндері кафедрасы мен Тәрбие жөніндегі департаменті.

✅Байқаудың мақсаты – көптілді білім беру ортасын нығайту, студенттердің ағылшын тіліндегі сөйлеу дағдыларын жетілдіру және шығармашылық әлеуетін қолдау. Қатысушылар ән айту, поэзия оқу, драмалық қойылым, сахналық көріністер мен түрлі өнер бағыттары арқылы өз өнерлерін көрсетті.

✅Іс-шараға «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының меңгерушісі Жонкешов Бауыржан Сейсенбекұлы, шет тілі пәнінің аға оқытушысы Сиргебаева Сандугаш Тулебаевна, сонымен қатар кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы және факультеттерден іріктелген дарынды студенттер қатысты.

✅Сонымен қатар іс-шара барысында арнайы әзірленген ағылшын тіліндегі викториналық сұрақтар ұйымдастырылып, үздік нәтиже көрсеткен студенттерге марапаттар табысталды. Университет басшылығы өнерлі әрі белсенді қатысушыларға арнайы кітаптар мен мадақтамалар ұсынды. Бұл сыйлықтар студенттерді шығармашылыққа ынталандырып, олардың ағылшын тіліндегі коммуникативтік және тілдік дағдыларын дамытуға қосымша серпін берді.

✅Кеш соңында ағылшын тіліндегі музыкалық және би қойылымдарынан тұратын концерт ұсынылып, көрермендерге жарқын эмоция мен мерекелік көңіл күй сыйлады.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник