KAZNARU-ДА «БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТТІ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Ветеринария және зооинженерия факультетінің бітіруші студенттеріне арналған дәстүрлі «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті. Іс-шараны университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Г. Е. Алпысбаева ашып берді.
Жәрмеңкеге факультеттің 280-ге жуық бітіруші студенттер және еліміздің әр өңірінен 50-ге жуық жұмыс беруші ұйым қатысты. Олардың қатарында «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ, «Алель Агро» АҚ, "Первомайские деликатесы" ЖШС, "СК Агро 2050" ЖШС, «АЛАТАУ-ҚҰС» АҚ, "КазМясо" ЖШС, “ҒДО Animal Expert Group” ЖШС, АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша инспекциясы және басқа да ірі кәсіпорындар бар.
Жәрмеңке жұмыс берушілер мен жас мамандар арасында тікелей байланыс орнатып, түлектердің еңбек нарығына бейімделуіне, мамандық бойынша жұмыс табуына маңызды мүмкіндік берді.







