АЛМАТЫДА «БАЛАМ – ЕҢ БАСТЫ ЖОБАМ» ФОРУМЫ ӨТТІ: САРАПШЫЛАР БАЛАЛАРДЫҢ ДҰРЫС ТАМАҚТАНУЫ МЕН САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Алматыда балалардың дұрыс тамақтануы мен пайдалы дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне арналған «Балам – ең басты жобам» форумы өтті. Іс-шара 15 қараша күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде ұйымдастырылып, 100-ден астам қатысушылар арасында ата-аналар, педагогтар, дәрігерлер, нутрициологтар мен сала сарапшыларын біріктірді.
Форумның ашылуында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Рафис Абазов сөз сөйлеп, балалардың дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті:
«Университет — дені сау, белсенді жас ұрпақты тәрбиелейтін орта. Біздің мақсатымыз — тек кәсіби мамандарды ғана емес, тамақтану мен даму мәселелеріне жоғары әлеуметтік жауапкершілікпен қарайтын азаматтарды дайындау. Әрбір адамның өз тамақтану әдеттерін бақылап, бағалай алуы өте маңызды. Бұл тұрғыда қарапайым цифрлық құралдар да үлкен рөл атқарады», — деді ол.
ФАО Қазақстанның салауатты тамақтану жөніндегі жобасының менеджері Рауан Ерұлан мектептегі тамақтану саласында жүйелі жұмыстың қажеттілігіне тоқталып:
«Оқушылардан бастап дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыру болашаққа жасалған инвестиция. Бала тамақтанудың көңіл-күйге, денсаулыққа және оқу үлгеріміне әсерін түсінген кезде, өз рационына саналы түрде қарай бастайды», — деп атап өтті.
ФАО Қазақстанның коммуникациялар жөніндегі маманы Эльвира Бердаулетова денсаулықты қалыптастыру процесіне отбасының белсенді араласуы маңызын ерекше атады:
«Біздің мақсат тек дұрыс тамақтану ережелерін түсіндіру емес, ата-аналар мен оқушыларды өз денсаулығына күтуге ынталандыру. Біз салауатты өмір салтының қызықты, дәмді әрі кез келген адамға қолжетімді бола алатынын көрсеткіміз келеді», — деді ол.
Форум барысында сарапшылар балалар арасындағы семіздік деңгейінің өсуіне алаңдаушылық білдірді. Қазіргі таңда Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша Орталық Азияда алдыңғы орындардың бірінде тұр. Басты себептердің қатарында 12 жастан асқан жасөспірімдер арасында тәтті газдалған сусындарды шамадан тыс тұтыну, сондай-ақ балалар рационында маңызды дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі аталды. Агроазық-түлік жүйесін тұрақты дамытуда айтарлықтай прогресс болғанына қарамастан, қоғамдық денсаулық және тамақтану мәселелері әлі де маңызды сын-тегеурін болып отыр.
Бұл мәселелерді шешу мақсатында Қазақстанда ФАО-ның «Салауатты тамақтануды дамыту және ілгерілетуге үлес қосу» пилоттық жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында мемлекеттік органдарға техникалық қолдау көрсетіліп, мектеп тамақтануының жаңартылған стандарттары енгізілуде, әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, білім беру мекемелерінде пилоттық бағдарламалар іске қосылуда.
«Балам – ең басты жобам» форумы тәжірибе алмасу және жаңа шешімдер іздеу алаңына айналып, қазақстандық балалардың тамақтануы мен өмір салтын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болды.


















.jpg)
.jpg)
