Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бойынша тәрбиелік іс-шара өтті
2025 жылғы 17 қарашада ИИ25-13к, ИС25-02к(Т), ИС25-03к(Т) топтарының тәлімгерлері Бердімұрат Шұғыла мен Абиева Ақерке ұйымдастыруымен «Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті.
Іс-шараның басында студенттерге ерекше тәрбиелік тәжірибе ұсынылды: қатысушылар өзге адамға ауыр тиетін сөздерді қағазға жазып, оны мыжып тастады. Кейін қағазды қайта қалпына келтіруге тырысқанда, оның бастапқы қалпына келмейтінін көрді. Бұл тәжірибе — әрбір сөздің салмағы бар екенін, ойланбай айтылған сөздің адамға қалдыратын ізі өшпейтінін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.
Басқосу барысында студенттерге буллинг пен кибербуллингтің анықтамасы, түрлері, белгілері және олардың психологиялық әсері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, қарым-қатынаста сыйластық пен жауапкершіліктің, саналы әрекеттің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар буллингтің кез келген түріне қарсы тұру, қауіпсіз онлайн ортаны қалыптастыру және бір-біріне қолдау көрсету әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.
Университетіміз алдағы уақытта да қауіпсіз, қолдаушы және мейірімді орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жалғастырады.

.jpeg)
