KazNARU-да THANKSGIVING DAY МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ

KazNARU-да THANKSGIVING DAY МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ

23 қараша күні KazNARU-да АҚШ-тың ұлттық мерекелерінің бірі – Thanksgiving Day (Алғыс айту күні) мерекесіне арналған ашық сабақ өтті.

Тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен өткен іс-шара студенттердің ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, сөздік қорын байытуға және америкалық мәдениет пен дәстүрлер туралы танымын кеңейтуге бағытталды.

Сабақ барысында білім алушылар Алғыс айту күнінің шығу тарихымен, мәдени маңызымен және мерекеге тән дәстүрлермен танысты. Студенттер ағылшын тілінде түрлі танымдық тапсырмаларды орындап, топтық жұмыстар мен интерактивті ойындарға белсенді қатысты. Еркін пікір алмасу арқылы тілдік білімдерін тәжірибеде қолданып, өз ойларын ағылшын тілінде жеткізуге мүмкіндік алды.

Ашық сабақты Тілдер кафедрасының оқытушылары Айлина Карибаева, Ақерке Байманасова және АҚШ-тың Fulbright English Teaching Assistant (ETA) бағдарламасының қатысушысы Малиха Чоудхури бірлесіп ұйымдастырды. Олар студенттерді белсенді қарым-қатынасқа тартып, мерекенің ерекшеліктерін интерактивті форматта таныстырды.

Мерекелік бағдарламаның ерекше бөлігі америкалық дәстүрлі тағамдар ұсынылған шағын дастарқан болды. Қатысушылар Thanksgiving Day мерекесіне тән тағамдардан дәм татып, америкалық мәдениеттің қонақжайлылық дәстүрімен жақынырақ танысты.

Ашық сабақ студенттердің тілдік құзыреттілігін дамытуға ғана емес, мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға да ықпал етті. Сонымен қатар іс-шара барысында алғыс білдіру, мейірімділік, өзара құрмет пен бірлік құндылықтарына ерекше мән берілді.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник