KAZNARU-ДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ҚР ГИМНІН ЖАППАЙ ОРЫНДАУ РӘСІМІ ӨТТІ
Бүгін, 23 қазан күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде (KazNARU) Республика күні ұлттық мерекесіне орай ҚР Мемлекеттік Гимнін жаппай орындау рәсімі өтті.
Салтанатты шара Бас ғимарат алдында ұйымдастырылып, оған Басқарма Төрағасы–Ректор А.Қ. Күрішбаев, университеттің басшылық құрамы, профессор-оқытушы құрамы және студенттер қатысты.
Гимннің алғашқы әуені шалған сәттен-ақ алаңды рух пен мақтаныш сезімі кернеді.
Бұл күн елге деген сүйіспеншіліктің, тәуелсіздіктің қадірін ұғынудың ерекше көрінісіне айналды.
Мереке құтты болсын!