ҚазҰАЗУ-де су мамандарына арналған біліктілікті арттыру курстары өтті
2025 жылғы 6-18 қазан аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде "Су ресурстарын басқару, суармалы жерлерді мелиорациялау және гидротехникалық құрылымдар жұмысының сенімділігі" атты бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен "Қазсушар" ШЖҚ РМК су мамандары үшін біліктілікті арттыру курстары өтті.
Біліктілікті арттыру бағдарламасына ҚР су саясатының негіздері, су ресурстарын біріктірілген түрде басқару, су шаруашылығындағы экономика мен менеджмент жөніндегі ұйымдастырушылық, нормативтік-құқықтық, экономикалық, тарифтік және басқа да мәселелер, су үнемдеу, гидротехникалық құрылымдарды пайдалану мәселелері мен проблемаларды шешу жолдары, сондай-ақ суландыру жүйелеріндегі заманауи цифрлық технологиялар мен жаңа су есептеу аспаптары қарастырылды. Бірінші ағымда Батыс Қазақстан филиалының өкілдері-9 тыңдаушы, "Қазсушар"шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақмола филиалының өкілдері - 13 тыңдаушы болды. Екінші ағымда Батыс Қазақстан филиалы-9 тыңдаушы; Қонаев филиалы-10 тыңдаушы; Абай филиалы -5 тыңдаушы; Солтүстік Қазақстан филиалы-5 тыңдаушы; Қостанай филиалы-8 тыңдаушы; Шығыс Қазақстан филиалы-5 тыңдаушы ;
Курс тыңдаушылары теориялық білімдерін бекіту және практикалық танысу үшін Д.Қонаев атындағы «Үлкен Алматы Каналы» РМК су шаруашылығы нысандарында болды. Біліктілікті арттыру курсты аяқтағаннан кейін сертификаттар берілді.
Сертификаттарды табыстағандар:
Алпысбаева Г.Е. — Академиялық мәселелер департаментінің директоры.
Рябцев А.Д. — Халықаралық су орталығының директоры.
Оқыту процесін ұйымдастыру мен ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз еткендер:
Сейтасанов И.С. — Халықаралық су орталығының қызметкері.
Айтжан М.А. — Біліктілікті арттыру бөлімінің қызметкері.