«ҚАУІПСІЗ ОРТА – БАҚЫТТЫ БОЛАШАҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
2025 жылдың 9 қазанында KazNARU-дің жоспарына сәйкес «Құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен «Құқықтану» мамандығының студенттерімен «Human Rights Lawyers» қоғамдық қорының президенті Ракишева Ляззат Бекмуханбетовнамен, қордың практик-психологы Хабаева Жеңісгүл Жапарханқызымен, сондай-ақ Алматы қаласы адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат Жолдасбаев Ғалымжан Сейітжановичпен бірлесіп «Қауіпсіз орта – бақытты болашақ» тақырыбында кездесу, тренинг-семинар өткізілді.
Іс-шара барысында студенттер тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға мамандар тарапынан мазмұнды әрі толық жауаптар беріліп, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты.
Кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттер үшін танымдық және тәжірибелік маңызы зор болды.
KazNARU Баспасөз қызметі