KazNARU-да “INNOVERSE TALDYQORGAN” МЕКТЕБІ ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН “АШЫҚ ЕСІК” КҮНІ ӨТТІ
2025 жылғы 8 қазанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Жетісу облысы, Талдықорған қаласындағы “INNOVERSE TALDYQORGAN” жеке меншік мектебінен бейіндік пәні химия-биология бағытын таңдаған 80-ге жуық оқушыларға “Ашық есік” күні өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар университеттің тарихымен, білім беру жүйесімен және материалдық-техникалық базасымен танысты. Қазақ-Жапон инновациялық орталығында және “Тағам өнімдерінің технологиясы және сапасы” ғылыми-білім беру орталығындағы лабораторияларды көріп, студенттердің тәжрибелік сабақта жасаған жұмыстарымен танысты.
Университет өкілдері оқушыларға аграрлық сала, биотехнология, экология, тағам өндірісі және инновациялық зерттеулер бағытында білім алу мен мансап құру мүмкіндіктері жайлы толық ақпарат берді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан кеңес алды.
Іс-шараның басты мақсаты — мектеп түлектерінің кәсіби бағдарын айқындау, ауыл шаруашылығы мен ғылым салаларына қызығушылығын арттыру және ҚазҰАЗУ-дың білім беру әлеуетін кеңінен таныстыру.
“Ашық есік” күні жылы әрі әсерлі атмосферада өтті. Қатысушылар университеттің мүмкіндіктеріне жоғары қызығушылық танытып, алдағы уақытта осы жоғары оқу орнында білім алуға ниет білдірді.
KazNARU Баспасөз қызметі