ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU 11-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

✅Бүгін 2025 жылдың 8 қазанында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Басқарма Төрағасы – Ректордың орынбасары, в.ғ.д., профессор Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлының төрағалығымен «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» атты кәсіби бағдар беру бағытындағы офлайн және онлайн форматтағы кездесу өтті.

✅Іс-шараға Алматы облысы білім басқармасының басшысы, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің өкілдері, мектеп директорлары, сынып жетекшілері, профориентологтар, сондай-ақ KazNARU басқармасы, факультет декандары мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

✅Кездесуді ұйымдастырып, жүргізген – э.ғ.к., профессор, Қабылдау комиссиясының директоры Қайырбаева Айнұр Елтайқызы.

✅Онлайн форматта Алматы облысының 443 мектебінен 18 633 бітіруші түлек қатысып, кәсіби бағдар беру бойынша маңызды ақпарат алды.

✅Кездесудің басты мақсаты — оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, университеттің артықшылықтары мен мүмкіндіктерін таныстыру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласының болашағын айқындау болды.

✅Іс-шара барысында Қабылдау комиссиясының директоры мен мамандары, факультет декандары университеттің заманауи инновацияларды дамытудағы жетістіктері, білім мен ғылым саласындағы жаңашыл жобалары жөнінде кеңінен айтып, оқу орны туралы презентация ұсынды.

✅ Жиын қортындысында еліміздің алыс өңірлеріндегі мектеп бітіруші әрбір түлек пен олардың ата-анасына Қабылдау комиссиясының мүшелері әрқашан виртуалды кеңес беруге әзір екендігі хабарланды.

✅KazNARU – сенің болашағыңа бастар жол!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник