«Кураторлар мектебі» аясындағы әдістемелік семинар мен психологиялық тренингтер өз жалғасын тапты
2025 жылдың 2 қазан күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультетінде «Кураторлар мектебінің» жұмысы аясында кураторларға арналған әдістемелік семинарлар мен психологиялық тренингтер өткізілді.
Іс-шараның ресми бөлімінде әлеуметтік-құқықтық істер жөніндегі жетекші маман Иманбеков Мақсат Мұқатайұлы сөз сөйлеп, кураторлардың оқу орны мен жатақханадағы тәрбие жұмысындағы маңызды рөліне тоқталды. Ол студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, әлеуметтік қолдауды күшейту және жатақханадағы тәрбиелік ортаны жетілдірудің студенттің тұлғалық дамуына тікелей әсер ететінін атап өтті.
Семинар барысында кураторларға студенттермен жұмыс жүргізудің заманауи әдіс-тәсілдері таныстырылды. Сонымен қатар, лудомания, буллинг, кибербуллинг, суицид секілді өзекті мәселелердің алдын алу жолдары талқыланып, психологиялық қолдау құралдары ұсынылды. «Тұлға өзгерістерінің 5 белгісі» тақырыбында әдістемелік материалдар таратылды. Шара соңында «Куратор қызметін өзіндік бағалау» сауалнамасы жүргізілді.
Кураторлар белсенділік танытып, тәжірибе алмасу арқылы оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру және студенттермен өзара сенімді қарым-қатынас орнатудың тиімді жолдары бойынша пікір алмасты.
Іс-шараны ұйымдастыруға әлеуметтік-құқықтық істер жөніндегі жетекші маман Иманбеков Мақсат Мұқатайұлы, психологиялық қолдау қызметінің жетекшісі Кольбаева Динара Достаевна, психолог мамандар Нұржанқызы Сая мен Мыңбай Әлішер, сондай-ақ факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Акимжанов Дархан Шоғанбекұлы атсалысты.





.jpeg)
