ҚазҰАЗУ

KazNARU-да дәстүрлі КҮЗГІ КРОСС өтті!

2025 жылдың 4 қазанында, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің стадионында «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының ұйымдастыруымен, сондай-ақ Кәсіподақ ұйымының қолдауымен профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында дәстүрлі КҮЗГІ КРОСС жарысы өтті.

✅Кросстың ашылу салтанатында сөз сөйлеп, жарыстың басталуын Басқарма Төрағасы – Ректордың Бірінші орынбасары Пірімқұл Шолпанқұлұлы Ибрагимов ресми түрде ашты.

✅Биылғы жылы 54 қатысушы белсенділік танытып, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда едәуір артты. 💪

Жарысқа “Агробиология”, “Ветеринария және зооинженерия”, “Инженерлік технологиялар”, “Су ресурстары және IT-технологиялар” факультеттері мен “Әскери іс”, “Жалпы білім беру пәндері” кафедралары ерекше белсенді қатысты.

✅Қастысушылар жас ерекшеліктеріне қарай түрлі қашықтықтарда бақ сынады.

✅Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталармен және сыйлықтарды Пірімқұл Шолпанқұлұлы табыстады.

✅Жарысқа қатысқан әріптестерімізге мықты денсаулық, қажымас қайрат пен биік шыңдарды бағындыруды тілейміз!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник