KazNARU студенттері Samal Water зауытында өндіріс процесімен танысты
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (KazNARU) «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының студенттері Samal Water зауытында болып, ауыз суды өндіру мен құюдың заманауи технологияларымен танысты.
Сапар бағдарламасы аясында:
🔹 өндірістік цехтарға экскурсия жасалды;
🔹 суды тазалау және сапаны бақылау үдерістері көрсетілді;
🔹 зауыт технологтарымен кездесу өтіп, студенттердің сұрақтарына жауап берілді;
🔹 практикалық сабақтар ұйымдастырылып, тәжірибе алмасу болды.
Мұндай выездтік сабақтар студенттердің теориялық білімін тереңдетіп қана қоймай, саланың нақты жұмысын көзбен көруге мүмкіндік береді.
KazNARU басшылығы мен студенттері зауыт ұжымына жылы қабылдауы мен пайдалы ақпарат бергені үшін алғыс білдіреді.