KazNARU-да 22 жас ғалымға PhD дипломы табысталды
✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы ЖОО-ның диссертациялық кеңестерінде өз жұмыстарын сәтті қорғаған бір топ жас ғалымдарға «Жоғары оқу орнының белгіленген үлгідегі философия докторы (PhD)» дәрежесі иегерлерін марапаттау рәсімін өткізді.
✅Университет басшысы Ақылбек Күрішбаев өзінің құттықтау сөзінде докторантураны жемісті аяқтаған жас ғалымдарға болашақта табыс тілеп, олардың ғылыми-техникалық бағдарламаларға және халықаралық жобаларға қатыса отырып, Қазақстан ғылымының дамуына зор үлес қосатынына сенім білдірді.
✅Салтанатты жиында отандық ғылымның сапына қосылған жас докторанттар алдында KazNARU 6D120100 – «Ветеринариялық медицина» мамандығының Философия докторы Исабеков Самат Серикович, 8D08103 – «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» білім беру бағдарламасының Философия докторы Ажитаева Лаура Амантайқызы және 6D073200 – «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» мамандығының Философия докторы Изтилеуов Максат Карсыбекович, ата-аналар атынан Сагинтаева Айгуль Сарсеновна жылы лебіздерін білдірді.
✅ «Философия докторы» дәрежесін алған 22 жас ғалымды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта туған Отанға адал қызмет етіп, ғылым көгінде жарқырап көріне берулеріне тілектеспіз!
KazNARU Баспасөз қызметі

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
