ҚазҰАЗУ

Алматыда өткен «Жастарға жұмыс» жәрмеңкесі студенттердің кәсіби дамуына қолдау көрсетті

26 қыркүйек күні сағат 15:00-де Алматы қаласындағы Арбат алаңында «Жастарға жұмыс» атты республикалық жәрмеңке ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден астам жұмыс беруші компания, ұйым және мекеме қатысты.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (ҚазҰАЗУ) Практика және жұмысқа орналастыру бөлімінің жетекшілігімен университеттің 3-ші және 4-ші курс студенттері белсенді түрде қатысып, еңбек нарығындағы заманауи талаптар мен ұсыныстар туралы ақпарат алды.

Жәрмеңкеде студенттер тұрақты жұмыс орындарына үміткер болумен қатар, өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктері жайлы да мәліметтер алды. Факультет басшылығы әр курсқа жауапты тұлғаларды белгілеп, студенттердің іс-шараға толық қатысуын қамтамасыз етті. Нәтижесінде 300-ден астам студент нақты ұсыныстар мен байланыстар орнату мүмкіндігіне ие болды.

Бұл жәрмеңке жастардың кәсіби дағдыларын дамытуға және еңбек нарығына бейімделуіне жағдай жасап, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік берді.Іс-шара еліміздегі жас мамандардың әлеуетін арттыруға және олардың тұрақты жұмысқа орналасуына бағытталған маңызды бастама болып табылады.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник