ҚазҰАЗУ

«БАҚ КҮНІ»: ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕМІС-КӨКӨНІС ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА ЖАҢА СЕРПІН

✅ 2025 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен Алматыда «Қазақстанның бау-бақшасы: дәстүрден инновациялық селекцияға дейін» атты Бақ күні өтті.
✅ Шараның мақсаты – еліміздегі жеміс-көкөніс шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, саладағы ғылыми зерттеулердің рөлін арттыру және инновациялық шешімдер арқылы агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуына серпін беру болды.
✅ Іс-шарада генетикалық әртүрлілікті сақтау, жаңа сорттарды шығару, заманауи селекциялық база қалыптастыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді енгізу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
✅ Агробиоресурстар және экология ғылымдары орталығының жетекшісі Алманова Ж.С. ауыл шаруашылығына заманауи шешімдер мен цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.
✅ Шара барысында саладағы негізгі проблемалар – 70–95% деңгейіндегі импортқа тәуелділік, жыл сайын шетелден әкелінетін өнімге 10 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалуы, селекциялық базаның әлсіздігі және жаңа сорттарды өндіріске жеткізудің жүйесіздігі айтылды.
✅ Бұл мәселелерді шешу үшін агроконсорциумдар құру, селекциялық-генетикалық және тұқым шаруашылығы орталықтарын ашу, ғылыми жобаларды коммерцияландыру және жасанды интеллектіні енгізу ұсынылды.
✅ Академия Ресей ғылым академиясымен бірлесіп, Түркістан облысында «Оңтүстік» орталығын және Ақмола облысында «Солтүстік» орталығын құруды бастады.
✅ Сонымен қатар, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті базасында 1,5 гектар жерге Мичурин бағының филиалы ашылады.
✅ Ғалымдардың инновациялық әзірлемелері мен жаңа сорттары таныстырылып, қазақстандық селекцияның өнімді әрі төзімді дақылдарына ерекше назар аударылды.
✅ Қорытындысында, агроконсорциумдар мен селекциялық-генетикалық орталықтарды дамыту жөніндегі резолюция қабылданды. Шараға мемлекеттік органдар, ғалымдар, ЖОО басшылары, жас зерттеушілер мен бизнес өкілдері қатысты.
KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник