«Ветеринария және зооинженерия» факультетінде Ашық есік күні өтті

«Ветеринария және зооинженерия» факультетінде Ашық есік күні өтті

Бүгін 2025 жылыдың 16 қыркүйегінде «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасында кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Ашық есік күні ұйымдастырылды.

✅ Іс-шараға Алматы экономикалық колледжінің «Нан, макарон және кондитер өндірісі» мамандығы бойынша білім алатын 2 курс студенттері қатысты.

✅ Студенттер кафедраның оқу аудиториясында және «Микробиоценоз және пробиотиктерді құрастыру» оқу-ғылыми зертханасында болып, ғылыми жобалармен, зертханалық жұмыстардың жүргізілу әдістерімен танысты.

✅ Қонақтарға кафедра профессор-оқытушылары зерттеу бағыттары, пробиотикалық препараттар құрастыру, микроағзалардың таза дақылдарымен жұмыс жасау және патогенді бактерияларды анықтау әдістері туралы қызықты мәліметтер ұсынды.

✅ Кафедра ұжымы колледж студенттерін биотехнология және азық-түлік саласындағы жаңа мүмкіндіктерге шақырып, университет қабырғасында білім алуға ниет білдірді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник