KAZNARU СТУДЕНТТЕРІ «ТАЗА ҚАЛА – ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АБАЙ АТАМЫЗДЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ
2025 жылдың 13 қыркүйегінде Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенттері «Таза қала – таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізді.
Жастар тек университет аумағын ғана емес, сондай-ақ Абай даңғылы бойында орналасқан, ұлы ойшылдың қара сөздері қашалып жазылған тастың айналасын тазалап, абаттандыру жұмыстарына үлес қосты. Бұл игі іс-шара Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып, кемеңгер тұлғаның рухына тағзым ету мен оны ұмыт қалдырмау мақсатын көздеді.
Осындай шаралар арқылы KazNARU студенттері табиғатты қорғаумен қатар, ұлттық құндылықтарға деген құрметін де паш етуде.
KazNARU Баспасөз қызметі