ҚазҰАЗУ

ҒЫЛЫМ ШАМШЫРАҒЫ АБАЙ САҒИТОВҚА АРНАЛҒАН «ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Бүгін 2025 жылдың қыркүйектің 12 жұлдызында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде қазақ ғылымының көрнекті өкілі, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Абай Оразұлы Сағитовтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Өсімдіктерді қорғау – Жасыл байтақ әлем» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы салтанатты түрде өтті.

✅ Салтанатты рәсімді Басқарма төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы өз құттықтау сөзімен ашып, Абай Оразұлын ҚР ҰҒА атынан «Қаныш Сәтбаев – 125 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Аграрлық білімге, ғылымға және өндіріске қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

✅ Ғалымның ғылымға сіңірген ерен еңбегін бағалаған шараға Қазақстанмен қатар, шетелдік көрнекті ғалымдар – АҚШ, Германия, Қытай, Бельгия, Өзбекстан елдерінен беделді сарапшылар қатысып, өсімдіктерді қорғау саласындағы өзекті мәселелерді ортаға салды.

✅ Жиын барысында мерейтой иесінің өмір жолына арналған бейнеролик көрсетіліп, «Ғибратты ғұмыр» атты сериялық кітаптың тұсауы кесілді. Бұл еңбек – Абай Оразұлының ғылымға, ұрпақ тәрбиесіне және ел игілігіне арнаған ғұмырының шежіресі іспетті.

✅ Салтанатты шарада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сейпілұлы Сапаровтың, Абай облысы маслихатының Төрағасы Шалқар Заманбекұлы Байбековтен, Халықаралық ғылыми ортаның атынан және де тағы да басқа көптеген жолданған жүрекжарды құттықтаулар оқылды.

✅ Конференцияда сөз алған ғалымдар академик А.О. Сағитовтың еңбектерін жоғары бағалап, оның есімі қазақ ғылымының алтын қорына енгенін ерекше атап өтті. Ғылым жолындағы жарқын жетістіктерімен ел мақтанышына айналған академик А.О. Сағитов өсімдіктерді қорғау ғылымының жаңа белестерін ашқан ірі тұлға ретінде танылды.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник