ҚазҰАЗУ

ҚазҰАЗУ-да мемлекеттік қызметтегі карьера мүмкіндіктері туралы инфо-сессия өткізілді

2025 жылғы 10 қыркүйекте Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлтан Ақылбекұлы Сейдалиевтің қатысуымен бітіруші студенттерге арналған «Мемлекеттік қызметтегі карьера мүмкіндіктері» тақырыбында инфо-сессия өтті.

Іс-шараның мақсаты – студенттерге мемлекеттік қызметке орналасудың жаңа мүмкіндіктерін түсіндіру, жеңілдетілген тәртіптерді таныстыру және кәсіби бағдар беру болды.

✅ Студенттерге мемлекеттік қызметке орналасудың жалпы тәртібі мен талаптары түсіндірілді.

✅ GPA көрсеткіші 3,33-тен жоғары бітірушілердің заңнаманы білуге арналған емтихансыз және конкурссыз мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндігі бар екендігі айтылды.

✅ Мемлекеттік органдарда кәсіби тәжірибеден (практикадан) өту тәртібі баяндалды.

✅ E-qyzmet платформасы таныстырылып, құжаттарды онлайн тапсыру, конкурстық процестерге қатысу және бос жұмыс орындарын таңдау жолдары көрсетілді.

✅ Студенттердің мемлекеттік қызметтің әлеуметтік маңызы, кәсіби тұрақтылығы мен мансаптық өсуіне қатысты сұрақтарына жауап берілді.

✅Инфо-сессия студенттердің қызығушылығын арттырып, олардың мемлекеттік қызметті болашақ мансап ретінде қарастыруына жаңа серпін берді.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник