ҚазҰАЗУ

ЖОЛДАУ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУЫНА ТЫҢ СЕРПІН БЕРЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ұжымы онлайн-режимде зор ынтамен тыңдады.

✅ Президент әлем экономикасында теңсіздіктер мен қайшылықтар ушыға түскеніне тоқталып, кейбір мемлекеттер экономикалық дамуда артта қалып, кейбір елдер жасанды интеллект саласында теңдессіз табысқа жетуде екенін атап өтті. Қазір әлемде қандай қатерлі жағдайлар болып жатқанын көріп отырмыз.

✅ «Қазақстан – әлем қауымдастығының ажырамас бөлігі. Мемлекетіміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да, біз бәріміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Менің негізгі мақсатым – осындай түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету» - дей отырып Қасым-Жомар Тоқаев алда атқарылар бірқатар нақты мақсаттарды белгіледі.

✅ Мемлекет басшысы қазір дүние жүзінде жасанды интеллектінің қарқынды дамуына байланысты Үкіметке экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажеттігін тапсырды.

«Алдағы үш жылдың ішінде Қазақстан цифрлық мемлекетке айналуын басшылыққа алуымыз керек. Бұл – айқын әрі өзгермейтін мақсат. Біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет. Сондықтан қазіргі құзырлы министрліктің негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек. Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет. Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде дамытамыз десек, жұмысымызды жаңаша тәсілмен жүргізуіміз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

✅Жасанды интеллект саласындағы бұл бастама негізінде жүзеге асырылатын жаңалықтар елдің дамуына тікелей әсер ететін өте тиімді жол. Қазірдің өзінде KazNARU базасында Қытай және Қазақ ғалымдарының бірлескен Жасанды инттелек орталығы құрылып, жұмысқа кірісті. Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде алға шығаратын бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса бермек.

✅ Президенттің ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет деген тапсырмасы еліміздің жетекші аграрлық оқу орны болғандыұтан, бізге де тікелей қатысы бар.

«Бұл салаға тың серпін беру үшін мемлекет соңғы жылдары реформа жүргізіп жатыр. Қомақты қаражат бөлінуде, биыл шаруаларды қолдауға бір триллион теңге жұмсалды. Қажетті несиелер уақытында берілді. Мұндай ауқымды қолдау елімізде бұрын-соңды болмаған. Бірақ агроөнеркәсіптің орасан зор әлеуетін толық ашуға бұл шаралардың әзірге жеткіліксіз екені анық» - деді Мемлекет басшысы.

✅ Агросаланы дамыту үшін ең өзекті міндеттің бірі – агрохабтар және логистика орталықтарын дамыту және шетел инвесторларымен серіктестікті нығайту керек екенін ұсынды.Бұл тарапта да KazNARU инвесторлармен, атапайтқанда Қытайдың 40-тан аса ірі компанияларымен, ғылыми орталықтарымен, оқыө университеттерімен келісімшарттарға қол қойды. ;ылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін өндіріске қолдану бағытындағы ңзденістер Жолдау аясында жалғаса бермек.

✅ Өз Жолдауында Президент «Су мәселесін шешу – әлеуметтік тұрақтылықты сақтап, экономиканы дамытудың кепілі. Бұл – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басты фактордың бірі. Біз соңғы екі жылда осы саланың институционалдық негізін қалыптастырдық. Атап айтқанда, Су кодексі қабылданды, арнайы министрлік құрылды.Бұл мекеменің алдында ауқымды міндеттер тұр. Оған үстіртін қарамау керек. Осы жұмыспен жүйелі түрде және жан-жақты айналысу қажет. Осыған орай кәсіби кадрларды дайындау керек, су дипломатиясымен айналысатын мамандарды әзірлеу қажет» - екеніне тағы да баса назар аударды.

✅ Университетіміз бұл мәселеде де өз мүмкіндігін орынды пайдалануда. Өткен жылы екі елдің Президенттерінің қатысуымен «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетінің Алматы Филиалы ашылды. Филиалға өткен жылы 30, биыл 70 студент қабылданды. Шын мәнінде, су – стратегиялық маңызы бар ресурс, сусыз өмір жоқ. Сондықтан ұлттық мәні зор бұл басты бағытты университет ғалымдары қолдайды.

✅ «Сонымен қатар Үкімет дарынды зерттеушілерді қолдау үшін қосымша шаралар қабылдауға тиіс. Білікті мамандарымызды елге қайтарудың тиімді тәсілдерін ойластырып, қолданысқа енгізу керек. Кадр тапшылығын жою үшін көші-қон саясатын да қайта қараған жөн. Шетелден елімізді дамытуға үлес қоса алатын мықты мамандарды ұлтына қарамай тарту – өте маңызды міндет. Олардың Қазақстанда қалуына жағдай жасау керек. Себебі бізге білікті мамандар өте қажет. Әсіресе техникалық мамандықтарды меңгерген өз ісінің нағыз шеберлері керек. Қазіргі тілмен айтсақ, «сапасы жоғары адами ресурстар» қажет. Өйткені білікті, саналы адамдар – ұлттық экономиканың арқауы, ел болашағының кепілі» - деді Қаысм-Жомарт Тоқаев.

✅ Президент көтерген осы мәселелердің барлығы да еліміздің экономикасы мен әл-ауқатын жоғарлатуға, өндіріс пен ауыл шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік, рухани салаларды, білім мен ғылымды өркендетуге жаңаша қарқын қосатынына сеніміміз мол

✅ Иә, бүгінгі өскелең ұрпақ бақытты да, берекелі өмір сүруге тиіс. Сол үшін барша қазақстандықтар Президент айтқан мақсаттарды орындау барысында бір ұлт болып тұтасып, табанды еңбек ете білуі уақыт талабы.

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлері және студенттері Жолдауда айтылған әрбір тапсырманы бірауыздан қолдайды, әрі оларды бұлжытпай жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник