ҚазҰАЗУ

ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ БӘРІ – АТА ЗАҢНЫҢ АЛТЫН ШҰҒЫЛАСЫНАН БАСТАУ АЛАДЫ

Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңымызға биыл 30 жыл толып отыр! Осы уақыт аралығында еліміздегі халықтың әл-ауқатының артуына қол жеткізіп, бейбітшілік пен келісім, тұрақтылық қалыптасты.

✅ Осы салтанатты күнге орай, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларының қатысуымен мерекелік іс-шара болып өтті.

✅ Салтанатты жиынды ашқан Тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Асима Ералиева қатысушыларға KazNARU басшысы Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлының құттықтауын жеткізіп, Негізгі Заңының қалыптасу тарихы, Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы рөлі және құқықтық мемлекет құрудағы маңызы туралы айтып өтті. Конституция – Тәуелсіз еліміздің іргетасы, бірлігі мен тұрақтылығынң кепілі. Уақыт сынынан сүрінбей өткен Ата заңымыз ірі саяси тұлғалардың, заңгерлер мен ғалымдардың қатысуымен 1995 жылы 30 тамызда қабылданған еді.

✅ «Содан бері біздің қоғамыздағы іргелі өзгерістерге, жаңа талаптарға сай бірнеше рет толықтырылды. Ең ауқымды өзгерістер 2022 жылы референдум арқылы болды. Сол кезде 3/1 бөлігіне жаңа өзгерістер енгізілді. Бұл жай ғана заңдар жиынтығы емес, ол мемлекет пен қоғам арасындағы келісім, бүкілхалықтық сенімнің көрінісі. Ата Заң – еліміздің Тәуелсіздігін нығайтқан, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз еткен темірқазық құжат. Ендеше 30 жылдың белесіне шығып отырған қастерлі Конституция күні құтты болсын!» - деді Асима Шанбайқызы.

✅ Жаңа оқу жылы қарсаңында жиналған бірінші курстық студенттерге ел бірлігін нығайтудағы, демократиялық қағидаларды орнықтырудағы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы Конституция рөлін түсіндірген «Инженерлік технологиялар» факультетінің деканы Ләззат Әлдібаева Ата заңның ерекшеліктеріне кеңінен тоқталды.

✅ «Конституция – кез келген ұлттың іргелі қағидалары мен ережелерінің тұғыры, одан азаматтардың құқықтары мен міндеттері және үкіметтің міндеттері мен өкілеттіліктері бастау алады. Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік құрылыстың саяси-құқықтық негізін қалады, мемлекеттік тетік және қоғамдық, саяси жүйенің негізгі қағидаттарын орнықтырды. Ата заңымызда жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені нақты атап көрсетілді. Басқа да рухани құндылықтар заңмен бекітіліп, күнделікті қолданысқа енгізілді. Бәріміздің міндетіміз осы бектілген қағидаттарға адал болу, бұлжытпай орындау. Ал, сіздердің міндеттеріңіз – жақсы оқып, жан-жақты білім алып, елге қызмет ету» - деді Ләззат Әлдібаева.

✅ Іс-шара барысында профессор-оқытушылар мен білім алушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, Конституцияның әрбір жас қазақстандық үшін патриоттық құндылықтарды қалыптастырудағы және заңға құрметпен қарауды үйретудегі маңызы жайлы пікірлерін жеткізді.

✅ Жиын соңында Конституцияға адалдық, ел болашағы үшін жауапкершілік пен қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник