KazNARU ЖАТАҚХАНАНАЛАРЫ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫН
Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы қаласында студенттік жатақханаларда жан-жақты мониторинг жүргізу жұмыстарын жүргізу қолға алынынған болатын. Бүгін кең ауқымдағы мониторинг Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің жатақханаларына жүргізілді.
Оған Алматы қаласы мәслихатының депутаты Сауранбаев Ералы Болатұлы, Қоғамдық кеңес мүшесі Абдыхалықов Қайыржан Саясатұлы, «Аманат» партиясының Алматы қалалық филиалының өкілдері, Алматы қаласы «Жастар рухы» ЖҚ төрағасы, Қоғамдық кеңес мүшесі Ділдәбек Дидарбек Жұмағалиұлы, БАҚ өкілдері («Алматы», «Астана», «Алатау» телеарналары, «Алматы ақшамы» газеті/сайты), сондай-ақ бірқатар қоғам белсенділері қатысты.
Мониторингтің басты мақсаты – жатақханалардағы әлеуметтік тұрмыстық жағдайды саралау, студенттердің құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету және білім алущыларды толғандырған ортақ мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Жұмыс тобы санитарлық талаптардың орындалуын, қауіпсіздік шараларының деңгейін, интернеттің қолжетімділігі мен сапасын, оқу бөлмелері мен ортақ пайдаланылатын орындардың жағдайын тексеріп, жаңа оқу жылында дайындықтың толық қамтамасыз етілгенін атап өтті. Жатақханалар ағымдағы жөндеуден өткізіліп, тұрғын бөлмелер, ас үйлер мен дәліздер, тазалық орындары жаңаша дизайнмен өрнектелген, қажетті жиһаздар, мұздатқыштар, кір жуғыш машиналары мен газ плиткалары қойылған.
Басқарма төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары Ибрагимов Пірімқұл Шопанқұлұлы KazNARU студенттерін 100 пайыз жатақханамен қамтамасыз еткен Алматыдағы жалғыз университет екенін атап өтіп, студенттердің мәселелерін шұғыл шешу үшін университет базасында жатақханаға орналастыру бойынша Ахуалдық орталық жұмыс істейтінін, оған онлайн өтініш беруге мүмкіндік жасалғанына кеңінен тоқталды.
Еске сала кетейік, Университеттің Басқарма төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА Президенті Ақылбек Күрішбаевтың бастамасымен «Қазақ-Строй» ЖШС-мен ынтымақтастық шарт негізінде 9 қабатты 450 орындық жаңа жатақхана құрылысы аятқалуға жақын. Мұнда студенттер үшін Медициналық орталық тұрғызылатын болады.
Бұл әлеуметтік шешімдер студенттерге қолайлы орта қалыптастырып, олардың сапалы білім алуына толықтай жағдай жасайды.
KazNARU Баспасөз қызметі