KazNARU ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰЖАТТАРЫН ҚАБЫЛДАУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Бас ғимаратында талапкерлерді 2025-2026 оқу жылына ақылы негізде өтініштер қабылдау жалғасуда.
Еліміздегі ТОП-5 қатарындағы көшбасшы жоғары оқу орны агроөнеркәсіптік кешен, биоресурстар, ветеринария, тағам өнеркәсібі, IТ-технология, энергетика, су ресурстары, логистика, дронды меңгеру, құқық, бизнес және басқару салалары үшін білікті мамандар дайындайды.
Әскери кафедрада запастағы офицерлер мен сержанттар дарланады.
KazNARU – өз студенттерін 100 пайыз жатақханамен қамтамасыз еткен Алматыдағы жалғыз университет.
Егер де сіздер биылғы мемлекеттік білім грантына іліге алмаған болсаңыздар – білім алуға мүмкіндік беретін қолжетімді гранттар мен жеңілдіктер бар.
Атап айтқанда, Жетісу облысының әкімі өңір үшін мамандар даярлауға KazNARU талапкерлеріне 4 грант бөліп отыр.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры KazNARU талапкерлеріне 15 грант ұсынды.
Грант ала алмаған түлектерді осы жоғарыдағы мүмкіндіктерді барынша пайдалануға шақырамыз.
Қосымша ақпаратты ҚАБЫЛДАУ комиссиясының Call Center телефондары арқылы білесіздер:
+7 747 2640854
+7 705 4018575
+7 708 9862390
+7 776 0434027
+7 707 9641276
+7 778 1858623
Келіңіздер! Аграрлық мамандықтар сіздерді зор табыс пен үлкен жетістіктерге бастайды!
KazNARU Баспасөз қызметі