ҚазҰАЗУ

ҰЛЫ АҚЫННЫҢ ТОЙЫ – АДАМЗАТТЫҢ ТОЙЫ

Бүгін қазақтың ұлы ойшылы, ақын, философ Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай, Алматы жұртшылығы мерейлі мерекені кеңінен атап өтті.

✅ Абай облысында өтіп жатқан «Адамзаттың алыбы – Хәкім Абай» атты 180 жылдық мерейтоймен үндескен бүкілхалықтық мәдени іс-шараға жиналған халықтың қарасы мол.

✅ Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен студент жастар, мектеп оқушылары ақын ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Соңынан Абай әндері орындалып, көңілді концертке ұласты.

✅ Абай — төл мәдениетімізді дамытуға өлшеусіз үлес қосқан, өскелең ұрпақты білімпаз, еңбекқор, адал азамат болуға шақырған, әлемдік деңгейдегі теңдессіз тұлға. Ол халқымыздың сана-сезімін жаңғыртқан кемеңгер ақын ғана емес, барша адамзаттың өнеге алатын асыл қазынасы.

✅ Абай тойын атап өтуге Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің басшылығы, ұжымы мен студент жастары да белсене қатысты.

KazNARU Баспасөз қызметі

https://www.instagram.com/reel/DNKqeidIgtf/...

---------Chatbot---------
виртуальный помощник