ҚазҰАЗУ

KazNARU: ҒЫЛЫМИ БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ ТҰРАҚТЫ ӨСУ ҚАРҚЫНЫ ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ КӨТЕРІЛДІ

✅ 2022 жылдан бастап Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде ғылыми белсенділіктің тұрақты өсу қарқыны жаңа кезеңге көтерілді. Салыстырмалы талдау нәтижелері мемлекеттік қаржыландырудың барлық бағыттары бойынша оң динамиканың бар екенін көрсетеді, әсіресе жас ғалымдарды тарту және зерттеу тақырыптарының кеңеюі ерекше атап өтуге тұрарлық.

2022–2024 жылдары гранттық қаржыландыру (ГҚ) аясында 3 жоба, жас ғалымдарға арналған конкурс (ЖҒК) бойынша 6 жоба, «Жас ғалым» (ЖҒ) жобасы бойынша 3 жоба іске асырылған болса, 2023–2025 жылдары ГҚ жобаларының саны 7 есеге артып, 3-тен 21-ге жетті.

✅ Бұл үрдіс 2024–2026 жылдары да жалғасып отыр: ГҚ және «Жас ғалым» жобаларымен қатар университет алғаш рет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің БНҚ бағдарламасын жеңіп алды. Қаржыландырудың кеңеюі университетке түрлі министрліктер тарапынан артқан сенімді және оның ғылыми әлеуетінің ұлттық деңгейде мойындалғанын білдіреді.

2025 жыл «Жас ғалым» жобасы бойынша ең нәтижелі жыл болды — 7 жоба, бұл 2022–2024 жылдармен салыстырғанда 2,3 есе көп (3 жоба). Бұл университеттің жас зерттеушілерді белсенді қолдап, олардың кәсіби өсіп-дамуына жағдай жасап отырғанын дәлелдейді.

✅ 2025–2027 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижесі бойынша ҚазҰАЗУ-дың 9 ғалымы жеңімпаз атанып, ғылыми жобаларды жүзеге асыру үшін қаржыландыру алды. Бұл көрсеткіш 2022–2024 жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.

Жобалар келесі басым бағыттары бойынша бөлінді:

• 6 жоба – «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту»

• 2 жоба – «Өмір және денсаулық туралы ғылым»

• 1 жоба – «Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану»

Бұл университеттің жоғары ғылыми әлеуетін және ұлттық ғылыми күн тәртібін қалыптастырудағы белсенділігін тағы бір мәрте дәлелдейді.

✅ Дәл осындай оң динамика университет сенімгерлік басқаруына берілген ғылыми-зерттеу институттарында да байқалады. 2025–2027 жылдарға арналған ГҚ конкурсы нәтижесі бойынша:

●Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты – 1 жоба;

●Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты – 4 жоба.

✅ 2025–2027 жылдарға арналған ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары бойынша:

●Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты – 2 жоба;

●Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты – 7 жоба;

●Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты – 2 жоба;

●Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты – 1 жоба.

✅ KazNARU басшылығының қолдауымен университет ғалымдарының ғылыми белсенділігі одан ары да жалғаса бермек.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник