ҚазҰАЗУ

АКАДЕМИКТІҢ ҰСЫНЫСЫ

⚜️ ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі А.Күрішбаевтың көміртекті егіншілікті аграрлық саясат жүйесіне енгізу бойынша аналитикалық жазбасы

🔹Климаттың жедел өзгеруі мен жердің тозуы жағдайында ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы Қазақстан үшін аса маңызды мәнге ие болып отыр. Ұлттық стратегиялар (соның ішінде 2023 жылы бекітілген 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы) аграрлық секторды климатқа бейімделген тәжірибелер негізінде жаңғыртудың қажеттігін айқын көрсетуде. Сарапшылардың бағалауы бойынша еліміздің шамамен 33% аумағы (90 млн га) тозуға ұшыраған — эрозия, шөлейттену, тұздану және ластану процестері белсенді жүріп жатыр. Оның ішінде 29 млн гектар жер құнарлылығын толық жоғалтқан. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы энергетикадан кейінгі парниктік газдар шығарындыларының екінші көзі болып табылады — бұл сала жалпыұлттық шығарындылардың шамамен 9–10%-ын қамтамасыз етеді. Мұндай жағдай елдің азық-түлік қауіпсіздігін әлсіретуде – тозған топырақ күтілетін өнімді бермей, жаңа жерлерді игеруге итермелейді, бұл өз кезегінде тозу үдерісін күшейтеді. Сонымен бірге, топырақтағы көміртек деңгейін арттыру — климаттық дағдарысты жұмсартудың негізгі тәсілдерінің бірі, өйткені сау топырақ атмосферадағы СО₂-ні сіңіріп, агроэкожүйелердің экстремалды ауа райына төзімділігін арттырады.

https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=674846682257617&id=100091968738093&mibextid=wwXIfr&rdid=EElHkyRbmFErilZb#

---------Chatbot---------
виртуальный помощник