KazNARU: МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА КОНКУРСҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Бас ғимараты мен еліміздің 5 жоғары оқу орнында талапкерлерді 2025-2026 оқу жылына мемлекеттік грантқа конкурсқа құжат қабылдау басталды.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде көшпелі қабылдау комиссиясы. Өкіліміздің байланыс нөмері:
+7 707 2921550; +7 702 2571912.
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті, Өкіліміздің байланыс нөмері: +7 777 3491039, +7 775 9850832.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Өкіліміздің байланыс нөмері: +7 701 7547200; +7 707 3635983.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Өкіліміздің байланыс нөмері: +7 747 6624541,
Түркістан облысы, Жетісай қаласында “PROF_CONSULTING” кеңес беру орталығында (Жетісай, Мақтарал, Абай, Шардара) аудандарының мектеп бітірген түлектері қабылданады. Өкіліміздің байланыс нөмері: +7 707 3439262.
KazNARU агроөнеркәсіптік кешен, биотехнология, ветеринария, экология, су және табиғат ресурстарын пайдалану, орман және балық шаруашылығы, IТ-технология, энергетика, тағам өнеркәсібі, логистика, құқық, бизнес және басқару салалары үшін жоғары білікті мамандар дайындайды.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті QS World University Rankings 2026 рейтингісінде Қазақстанның үздік ТОП-5 және үш негізгі көрсеткіш бойынша әлемнің 500 жетекші университеті қатарына еніп отыр.
KazNARU «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі – Rating» Ұлттық рейтингісінде 2025 жылы Қазақстанның жетекші техникалық ЖОО арасында көш бастады.
Құрметті талапкерлер! Халықаралық аренадағы абырой-беделі нығайып келе жатқан үздік университетте оқып білім алып, екі дипломға ие болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!
Қосымша ақпараттарды KazNARU ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ Call center телефондары арқылы біле аласыздар:
+7 747 2640854
+7 705 4018575
+7 708 9862390
+7 776 0434027
+7 707 9641276
+7 778 1858623
Мемлекеттік грантты жеңіп алу үшін талапкерлер 13 – 20 шілде аралығында өтініш беріп үлгеруге тиіс. Асығыңыздар! Аграрлық мамандықтар сіздерді табысқа жетелейді.
Аса жауапты кезеңде KazNARU-ды таңдаған талапкерлер мен университет ұжымына сәттілік тілейміз!
KazNARU Баспасөз қызметі