ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! KazNARU СТУДЕНТІ IX ЕУРАЗИЯЛЫҚ ІСКЕРЛІК ФОРУМЫНДА МАРАПАТТАЛДЫ
2025 жылдың 4 шілдесінде Астана қаласында өткен IX Eurasian Business Forum «Green Energy & Waste Recycling 2025» іс-шарасына еліміздің барлық жетекші жоғары оқу орындары белсене қатысты.
Аталған форумда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Инженерлік технологиялар» факультетінің 3-курс студенті Қарабек Ақжан қоршаған ортаны қорғау, жасыл энергия мен қалдықтарды қайта өңдеу бағытындағы бастамалар туралы жұмысын ұсынды.
Қазақстан бүгінде әлемдегі басқа елдер секілді қоршаған ортаның лас¬тануы, экологиялық табиғи тепе-теңдіктің бұзылуы сияқты өткір мәселелермен бетпе-бет келіп отыр. Осы салада туындаған қауіп-қатерлердің себеп-салдарларымен күресу және жасыл энергия қуатын дамыту, қалдықтарды азайту сияқты міндеттер бірінші кезекте тұр.
Бұл тақырыптар – университеттің білім беру бағдарламасында да терең оқытылады, әрі студенттер экологиялық тұрақтылық пен жасыл экономика бағытындағы білімін тәжірибемен ұштастырып, ел дамуына үлес қосуды мұрат тұтады.
Қарабек Ақжан қоршаған ортаны қорғау, жасыл энергия мен қалдықтарды қайта өңдеу саласын зерттеудегі белсенділігі үшін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
Еуразиялық бизнес форумда университет абыройын асқақтатқан студентімізді құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білідреміз!
KazNARU Баспасөз қызметі