ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1248 қаулысымен 2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу мерзімдері (1 тамыз бен 20 қазан аралығында), Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 5 бұйрығымен «2025 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі іс-шаралардың жоспары» бекітілді.
Онда ұйымдастырушылық-дайындық сипатындағы жоспарлы іс-шараларды жүйелі түрде іске асыру көзделген. 2025 жылы ҚР ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу кезінде респонденттерге өздігінен толтыру әдісімен санақ парақтары арнайы веб-платформада толтыруға мүмкіндік беріледі.
Содан кейін онлайн сауалнамадан өтпеген респонденттерден деректерді жинау планшеттерді пайдалана отырып, интервьюерлер арқылы жүзеге асырылады. Аталған ауқымды шараға республика көлемінде 3 500-ге жуық интервьюерлерді жұмысқа тарту көзделіп отыр.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы