ЖАС ТАЛАПКЕРЛЕР! БІЛІМ КВОТАСЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗДЕР?
Білім квотасы дегеніміз – азаматтардың белгілі бір санаттарына арналған бюджеттік орындардың бөлінген үлесі. Бұл квотаға құқығы бар талапкерлерге осы орындарға арналған жеке конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді. Бірден айтып өтсек, квоталар ҰБТ-ға балл қоспайды.
Мысалы, ауыл квотасы 35%-ды құрайды. Яғни, белгілі бір мамандыққа бөлінген гранттың 35%-ы ауыл квотасы бойынша тағайындалады. Егер белгілі бір мамандық бойынша 100 грант бөлінсе, оның 35-і ауыл квотасы бойынша беріледі. Бұл ретте ауыл талапкерлері жалпы конкурс бойынша да түсе алатынын айтып өткен жөн.
Естеріңізге сала кетсек, грант конкурсына құжаттар қабылдау 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылады. Өткізіп алмаңыздар! Сәттілік!