KazNARU

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті қазақстандық университеттер рейтингінде көш бастады (IQAA-Ranking)

Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі – Rating (IQAA-Ranking) Қазақстанның жетекші университеттерінің ұлттық рейтингі – 2025 нәтижелерін ұсынды.

Рейтинг академиялық статистиканы талдау, сараптамалық бағалау және жұмыс берушілер, білім алушылар мен түлектер арасында сауалнама жүргізу негізінде қалыптастырылды.

Институционалдық рейтингті есептеу әдістемесі бес құрамдас бөлікке негізделеді: бірінші құрамдас бөлік (№1 сауалнама) – жоғары оқу орнының академиялық ресурстарының сапасын бағалау; екінші құрамдас бөлік (№2 сауалнама) - жоғары оқу орындары қызметінің сапасын сараптамалық бағалау; үшінші құрамдас бөлік (№3 сауалнама) – жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдарға әлеуметтік сауалнама жүргізу негізінде жоғары оқу орындарының қызметін бағалау; төртінші компонент (№4 сауалнама) – студенттерге әлеуметтік сауалнама жүргізу негізінде жоғары оқу орындарының қызметін бағалау; бесінші компонент (№5 сауалнама) – түлектерге әлеуметтік сауалнама жүргізу негізінде жоғары оқу орындарының қызметін бағалау.

Осындай жан-жақты бағалау нәтижесінде ҚазҰАЗУ Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингінде техникалық жоғары оқу орындары арасында бірінші орынды иеленді.

Биылғы жылы институционалдық рейтингке алты санат бойынша 30 университет қатысты: көпсалалы, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, педагогикалық, медициналық және жаңа санат – өнер және спорт университеттері.

Рейтинг нәтижелері мен толық ақпарат агенттіктің веб-сайтында қол жетімді https://iqaa-ranking.kz/

---------Chatbot---------
виртуальный помощник