ҚҰРМЕТТІ ЖАС ТҮЛЕКТЕР!
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Ветеринария және Зооинженерия» факультеті – тарихы терең факультеттердің бірі.
Факультет құрамында жеті кафедра бар:
ᴥН.У.Базанова атындағы жануарлар биологиясы;
ᴥ "Клиникалық пәндер";
ᴥФармакология және жануарлар патологиясы;
ᴥБиологиялық қауіпсіздік;
ᴥВетеринариялық санитария;
ᴥМикробиология, вирусология және иммунология;
ᴥЗооинженерия және биотехнология кафедрасы.
Заманауи жабдықтар және компьютерлік технологиялармен жабдықталған оқу-зертханалық және ғылыми-зерттеу аудиториялары білім алу мен зерттеу жұмыстары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді.
Факультет түлектері бәсекеге қабілетті мамандар ретінде ветеринариялық инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу саласын жетік меңгеріп, көптеген ірі, танымал кәсіпорындарда абыройлы қызметтер атқаруда.
«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «ВЕТЕРИНАРИЯ» білім беру бағдарламалары бойынша шекті балл – 50.
KazNARU өз білім алушыларын 100 пайыз жатақханамен қамтамасыз еткен Алматыдағы жалғыз оқу ордасы.
Әскери кафедра запастағы офицерлер мен сержанттарды дайындайды.
Жоғары стипендия алып, екі дипломға ие болғыңыз келсе, өздеріңіз үшін жаңа мүмкіндіктерді ашыңыздар!
Аграрлық мамандықтары сіздерді мол табысқа жетелейді!
Қабылдау комиссиясы әрбір талапкерге көмек көрсетуге дайын.
Тел.: +7 (727) 264-06-13
WhatsApp +7 747 264 08 54
e-mail: 024Kaznau_pk@mail.ru
Мекен-жайымыз: Алматы қ-сы, Абай даңғылы, 8
KazNARU Баспасөз қызметі