ҚҰРМЕТТІ ЖАС ТАЛАПКЕРЛЕР!
2025 жылғы 20 маусымнан KazNARU Қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастап, талапкерлердің құжаттарын қабылдау жүріп жатыр.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті – әлемнің ТОП-500 және Қазақстандық ТОП-5 үздіктер қатарына енген жетекші оқу орны.
Құрылғаннан бергі 95 жыл бойы университет агроөнеркәсіптік кешен, IT-технологиялар, биотехнология, су және табиғи ресурстар, тамақ және қайта өңдеу саласы, логистика, бизнес және менеджмент саласында жоғары білікті мамандар даярлап келеді.
KazNARU факультеттерін таңдай отырып, сіздер өз болашағыңды таңдайсыздар. Ауыл шаруашылығы мамандықтары сіздерді табысқа жетелейді!
Біздің студенттер Еуропа, Америка және Қытайдың қазіргі заманғы ең озық жоғары оқу орындарында оқып, екі диплом алып шығады.
«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» мамандықтары бойынша шекті балл – 50.
KazNARU өз студенттерін жатақханамен толық қамтамасыз еткен Алматыдағы жалғыз университет.
KazNARU әскери кафедрасы запастағы офицерлер мен сержанттарды дайындайды.
Жоғары стипендия алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Толық ақпарат алу үшін Қабылдау комиссиясына хабарласыңыз! Оқуға түсушілерге ыңғайлы болу үшін ақпараттық кеңселер, консультациялар, электрондық кезек ұйымдастырылды. Құжаттарды қабылдау ашық және цифрлық форматта жүзеге асырылады.
Тел.: +7 (727) 264-06-13
WhatsApp +7 747 264 08 54
e-mail: 024Kaznau_pk@mail.ru
KazNARU коды 024.
Мекен-жайымыз: Алматы қ-сы, Абай даңғылы, 8
KazNARU Баспасөз қызметі