KazNARU

«ЖЕТІСУ» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЭФИРІНДЕ – KazNARU

✅ Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының арасында өзіндік абыройлы орны бар «Жетісу» телеарнасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің көп жылдардан бергі сенміді серігі ретінде ақпараттық қолдау көрсетіп келеді.

✅ 2025 жылдың 13 маусымынан бастап «Жетісу» телеарнасы келісілген кестеге сәйкес, KazNARU ерекшеліктерін қысқаша таныстыра отырып, жас түлектер мен барша көрермендерге ауыл шаруашылығы мамандықтары туралы ақпарат таратуды бастады.

✅ Аграрлық саладағы жетекші университет туралы бірлесе түсірілген бейнесюжет тәулігіне 6 рет (қазақ-орыс тілдерінде) Жетісу, Алматы облыстары мен Алматы қаласы аумағында тікелей көрсетіледі.

✅ Сонымен қатар, телеақпараттар спутниктік және «Отау-ТВ», «АлмаTV» т.б. кабельдік каналдары арқылы бүкіл Қазақстан мен жақын шетелдердің аумағына тарайды.

✅ Телеканал ұжымының бастамасымен KazNARU туралы ақпарат «Жетісу» радиосы арқылы да тыңдармандарға жол тартты.

✅ Айта кетейік, «Жетісу» ақпараттық-танымдық телеарнасы "Үздік өңірлік телеарна" номинациясы бойынша "Алтын жұлдыз" және "ТҰМАР" сыйлықтарының иегері!

✅ Біздің әріптестік ынтымақтастығымыз нығая берсін!

✅ Отандық ТОП-5 қатарындағы көшбасшы университетіміз өркендей берсін!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник