KazNARU

АЛМАТЫ МЕТРОПОЛИТЕНІ KazNARU-дың СЕНІМДІ СЕРІКТЕСІ

Қазақстандағы жалғыз, Орталық Азиядағы екінші (Ташкент метросынан кейінгі) Алматы метросы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің сенімді серіктесі болып табылады!

✅ 2025 жылғы 13 маусымнан бастап метрополитеннің барлық станциялары мен вагондарында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің қызметі туралы бейнеролик іске қосылады!

✅ Метрополитен бүгінде алматылықтар мен мегаполис қонақтарының өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Метро қызметін тәулігіне 100 мыңға жуық жолаушы пайдаланады.

✅ "Метрополитен" КМК Халықаралық қоғамдық көлік одағының (Union Internationale des Transports Publics) құрамына кіреді. Ол әлемдегі 90-нан астам елдің 2900-дей қалалық және аймақтық компанияларын, барлық санаттарды қамтитын қоғамдық жолаушылар көліктері операторларын біріктіреді.

✅ Метрополитен жұмысында әлемдік деңгейдегі озық заманауи ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар пайдаланылады.

✅ KazNARU Қазақстанның ең үздік ТОП-5 қатарындағы және Алатаудың ең әсем жерінде – Абай даңғылындағы "Абай" метро станциясының жанында орналасқан көшбасшы оқу ордасы.

✅ Біздің әріптестігіміз нығая берсін!

✅ Туған университетіміз өркендей берсін!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник