Халықаралық жазғы мектеп -2025, "Ветеринария және Зооинженерия" факультеті
"Зооинженерия және биотехнология" кафедрасының "Селекция және биотехнология" мектебінің Қырғызстаннан келген тыңдаушыларымен Тұңғыш Президент саябағын тамашалау сәті. Қыдыру барысында университет жайлы, екі елдің оқу процесі, академиялық ұтқырлық, Алматыдан алған әсерлері т.с.с. көптеген мәселелерді талқыланды, өте қызықты уақыт болды. Жалпы жазғы мектепке қатысу - тәжірибелі профессор -оқытушылардың дәрісін тыңдап, студенттерге өз әлеуетін ашуға, ой-өрісін кеңейтуге, білімін арттыруға, маңызды дағдыларды алуға көмектесетін баға жетпес тәжірибе.