KazNARU

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ЕРЛАН САИРОВ АЛМАТЫДА ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Олардың айтуынша, университетке тиесілі мүліктер – атап айтқанда, 3 жатақхана, 5 ірі зертхана мен алты гектар жер заңсыз түрде жекеменшікке берілген.

Orda.kz университет маңында өткен жиынға барып, аталған дауға қатысты мән-жайды анықтады.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саировтың айтуынша, даулы аумақтағы құрылысты тоқтатудың жалғыз жолы – Құрылыс комитетінің тексеруі нәтижесінде оның заңға сәйкес келмейтінін дәлелдеу.

«Қазір бұл іспен жемқорлыққа қарсы агенттік айналысып жатыр. Біз араласа алмаймыз. Бұрынғы билік кезінде кеткен заңсыздықтардың салдары бүгінгі студенттердің қауіпсіздігіне кері әсер етіп отыр. Бұл – Алматы қаласының ортасындағы техногендік апат қаупі бар жағдай. Қазір мен Бас прокурорға ресми мәлімдеме жасап отырмын. Егер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың заң мен тәртіп орнату концепциясы жүзеге асуы тиіс болса, ең алдымен осындай бассыздықты тоқтату қажет. Сонымен қатар, Премьер-министр мен Өнеркәсіп және құрылыс комитеті тарапынан да нақты шешім қабылданбай отыр», – деді депутат Ерлан Саиров.

https://kaz.orda.kz/nursultan-nazarbaevtyn-kajyn-atasy.../

---------Chatbot---------
виртуальный помощник