KazNARU

KazNARU «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН БИОРЕСУРСТАР» ЖӘНЕ «ВЕТЕРИНАРИЯ» БАҒЫТТАРЫНДА КӨШБАСШЫ АТАНДЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОО ҚАЖЕТ ЕТІЛУІНІҢ ҰЛТТЫҚ РЕЙТИНГІ – 2025 (IAAR нұсқасы бойынша)

✅ Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) өткізетін ҚР-2025 ЖОО-ларына сұраныстың тәуелсіз рейтингінің қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары анықталды.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Қазақстан Республикасының 2025 жылғы үздік жоғары оқу орындарының ТОП-6-ға енді.

✅ Рейтингке әртүрлі саладағы жоғары оқу орындары: көпсалалы, техникалық, ауылшаруашылық, гуманитарлық-экономикалық, медициналық, педагогикалық, сондай-ақ өнер университеттері кірді, бұл білім беру ұйымдарын бағалауға кешенді және көп қырлы көзқарасты көрсетеді.

2025 жылы бағаланған білім беру бағдарламаларының саны 1650-ге жетті.

✅ Тәуелсіз рейтинг нәтижелері бойынша университетіміздің білім беру бағдарламаларының келесі топтары жетекші орындарға ие болды:

1-орын:

1. B078 Мал шаруашылығы;

2. B082 Су ресурстары және суды пайдалану;

3. B083 Ветеринария;

4. M133 Орман шаруашылығы;

5. M137 Су ресурстары және суды пайдалану;

6. D130 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша);

7. D132 Мал шаруашылығы;

8. D137 Су ресурстары және суды пайдалану;

9. D135 Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету.

2-орын:

1. B077 Өсімдік шаруашылығы;

2. B183 Агроинженерия;

3. M131 Өсімдік шаруашылығы;

4. M132 Мал шаруашылығы;

5. M136 Аграрлық техника және технологиясы;

6. M138 Ветеринария;

7. D070 Экономика;

8. D131 Өсімдік шаруашылығы;

9. D133 Орман шаруашылығы;

10. D136 Автокөлік құралдары;

11. D138 Ветеринария.

3-орын:

1. B068 Азық-түлік өнімдерінің өндірісі;

2. В079 Орман шаруашылығы;

3. D128 Жерге орналастыру.

✅ Университетіміз «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» және «Ветеринария» бағыттарында көшбасшы атанды.

✅ Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарына қажет етілуінің тәуелсіз рейтингі шеңберінде Қазақстанның жоғары оқу орындары оқытушыларының "ТОР-50"рейтингі анықталды. ТОП-50 құрамына Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессоры Қайсар Қазыбайұлы Табынов – халықаралық Вакцинология орталығының директоры енді.

✅ Қазақстан Республикасы ЖОО-на қажет етілуінің тәуелсіз рейтингі 2025 нәтижелері туралы толық ақпарат ресми ресурстарда қолжетімді: www.iaar.agency және www.facebook.com/iaar.accreditation .

---------Chatbot---------
виртуальный помощник