ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТТІҢ ҮШ ЖАТАҚХАНАСЫ ҚАЙТАРЫЛА МА?
Болашақ ұрпақтың игілігіне тиесілі мүлік әділдікпен қайтарылсын. Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенттері мен оқытушылары осындай талап қойып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Үш ай болды комитетке екі рет жүктеме бердік. Комитеттің азаматтары бір рет келген жоқ. Мәселені шешудің ешқандай жолдарын қарастырмай отыр. Сондықтан менің ойымша нақты шешімдерді қабылдауда, не бас прокуратура, не министрліктер ешқандай қадам жасамай отыр», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров.
Қазір бұл мәселені шешуге AMANAT партиясы араласып, Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке арыз жолданған. Дегенмен әзірге нақты нәтиже жоқ. Ал университет ұжымы мен студенттер қауымы болашақ мамандардың білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін әділ шешім қабылданатынына сенімді.
Almaty.tv арнасы,
10.06.2025 21:14