KazNARU СТУДЕНТТЕРІ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ӨТКЕН ДАЛАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ
2025 жылдың 9 маусымында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің "Агрономия, селекция және биотехнология" кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және Агробиология факультетінің 2-курс студенттерінің қатысуымен Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай ауылында орналасқан "Балтабай 2030" ЖШС өкілдері далалық семинар өткізді.
Семинарға қатысушылар Серб селекциясының бейімделген "Космаj" күздік бұршақ сортын зерттеу бойынша жүргізіліп отырған стационарлық тәжірибемен және оны органикалық ауыл шаруашылығында өсіру технологиясымен танысты.
Сондай-ақ, шаруашылық алқабындағы күздік бұршақты көк балаусаға, дәнге, жасыл тыңайтқыш (сидерация) ретінде және отамалы дақылдар үшін жамылғы дақылы ретінде пайдаланылып отырған далалық тәжірибелік өскіндердің нәтижелері көрсетілді.
«Аудиторияда алған теориялық білімді егіс алқабында практикалық семинар арқылы тереңдете меңгеру – студенттер үшін өте пайдалы болғаны анық. Семинар тақырыптарын жан-жақты ұйымдастырып, студенттерімізбен өз тәжірибелерін бөліскен "Балтабай 2030" ЖШС ұжымына ризашылық білдіреміз», - дейді Агробиология факультетінің деканы Ержан Абилдаев.
KazNARU Баспасөз қызметі