KazNARU

KazNARU БІТІРГЕН ТҮЛЕКТЕР ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАНУДА

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде жоғары білім алып, өмірге қанат қаққан әрбір бітіруші түлкетің арманы – өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасу екені анық.

✅ Биыл «Бизнес және құқық» Жоғары мектебін бітірген 123 студенттің әрқайсысы құқық қорғау, экономика, басқару, қаржы және басқа салаларда бағын сынауда. Өздерінің теориялық білімінің жоғары екенін таныта білген жас мамандарымыз әртүрлі құрылымдарда практикадан өте жүріп, жұмысқа орналасуда.

✅ «Мысалы, Балауса Ерғалиева, Фариза Окимбаева деген студенттеріміз Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тәжірибеден өте жүріп, әрі штатта қызмет істейді. Бұл жетістік жас мамандарымыздың бәсекеге қабілеттілігін білдірумен қатар, университетіміз үшін де үлкен абырой», - дейді факультет деканы Динара Ажинурина.

✅ Сондай-ақ, «Құқықтану» мамандығында оқитын бір топ студентіміз қазіргі уақытта Алматы облысы Талғар аудандық сотында өндірістік тәжірибеден өтуде.

✅ Бұл туралы Талғар аудандық сотының Сот әкімшісі басшысы Айсұлу Хиял хабарлай отырып, бітіруші түлектің бірі Ақерке Құраштың жұмысқа қабылданғанын және осындай кәсіби дайындығы жоғары мамандар тәрбиелегені үшін KazNARU басшысы Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлына өз алғысын білдірді.

✅ Ғасырға жуық тарихы бар заманауи оқу орнында білім алып, өмірдегі өз орындарын тауып, университет абыройын асқақтатқан түлектеріміздің алғашқы қадамдарына сәттілік тілейміз!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник