KazNARU

KazNARU КӘСІБИ БАҒДАР: АПТА АЙШЫҚТАРЫ

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор оқытушылар құрамы мен Қабылдау комисссиясының мүшелері Ұлттық бірыңғай тестілеу орталықтарында бекітілген кестеге сәйкес өз жұмыстарын жалғастыруда. Негізгі ҰБТ 16 мамыр – 7 шілде аралығында өтеді.

✅ Басты назарда – KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректоры Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлының кәсіби бағдар беру жұмысын күшейту және білім алушылар контигентін өсіру туралы тапсырмасы.

✅ Осы мақсатта ҰБТ тапсырып жатқан білім алушылар арасында KazNARU туралы кеңірек ақпарат тарату, талапкерлердің ата-аналарымен үгіт-насихат жүргізу үшін бекітілген топ мүшелері жүйелі атсалысып келеді.

✅ Атап айтқанда, Инженерлик технологиялар факультетінің "Энергетика жане электротехника'" кафедрасының аға окытушылары – Манат Жүсіпалиева мен Сәуле Демесова, "Аграрлық техника және машина жасау" кафедрасының меңерушісі Әділхан Ниязбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде;

ᴥ Ветеринария және зооинженерия факультетінің "Ветеринариялық санитария'" кафедрасының аға оқытушысы Мейрамгүл Ерғұмарова, в.ғ.к, профессор Алимов А.А. Алматы облысы Шамалған ауылы, А.Бұхарбайқызы атындағы орта мектептегі аймақтық тест орталығында;

ᴥ «Бизнес және құқық» Жоғары мектебі «Есеп, аудит және қаржы» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к. Жанна Бейсекова, қауымдастырылған профессор Меруерт Баймолдаева, Х.Д.Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» кафедрасының аға оқытушысы Азамат Нүрғожаев Алматы Мемлекеттік бизнес колледжінде;

ᴥ KazNARU «Жалпы білім беретін» пәндер кафедрасының аға оқытушылары Даутова С.С. мен Нурмаханова Ж.М., оқытушы Әбдіжаппар Ә., аға оқытушылар Қыдырбай Қ.К., Закирова М.Е. Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде;

ᴥ Инженерлік технологиялар факультетінің "Азық түлік өнімдерінің технологиясы және тағам қауіпсіздігі" кафедрасының профессоры Лейла Каймбаева, қауым. профессор Жұлдыз Сүлейменова Алматы Мемлекеттік Бизнес колледжінде кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Олар мектеп түлектерімен бірге ата-аналарды да қамти отырып, университет туралы ақпараттық буклеттер таратты.

✅ Талапкерлер факультеттердің қызметтерімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды. QR-код арқылы сауалнамаға жауап беріп, университет базасына тіркелді.

✅ Сонымен қатар, өңірлік басылымдарда, интернеттік әлеуметтік желілерде, телеканал мен Жұлдыз.фм, Қазақ радиоларында университет туралы ақпараттар тұрақты жариялануда.

✅ ҰБТ тапсыру орталықтарындағы кәсіби бағдар беру жұмыстары одан ары жалғасуда.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник