KazNARU

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ: 77 ЖАУЫНГЕР KazNARU-ды ТАҢДАДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріңде, басқа да әскери құрылымдарда белгіленген тәртіппен әскери борышын өтеген жас жауынгерлерге еліміздегі ЖОО-ларға түсу үшін Мемлекеттік гранттар тізімі жарияланды.

✅ Қорғаныс министрлігі талапкерлерге барлығы 2000 орынға грант бөлсе, оның ішінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне түсуге 77 грант берілді.

✅ Әскер қатарындағы өмірлік тәжірибе жинақтаған зерделі жастардың бір ғасырлық тарихы бар жетекші оқу орнын таңдауы – қоғам алдындағы университетіміздің абыройының биіктегенін көрсетеді.

✅ Бүгінде әрбір жастың арманы – Отан алдындағы борышын өтеумен қатар, болашақта жан-жақты терең білім алу екені заңдылық. Сонымен бірге, агросала мамандығын таңдаған жастардың KazNARU Әскери кафедрасында оқып, офицерлік шен алып шығуына да толық мүмкіндігі бар. Мемлекеттік грантпен түскендер Әскери кафедрада тегін оқиды.

✅ KazNARU – «QS Asia» рейтингісінде Орта Азиядағы 6-шы, ал еліміздегі ТОП 5-ке кіретін көшбасшы жоғары оқу орны.

✅ KazNARU – өз студенттерін 100 пайыз жатақханамен қамтамасыз еткен Алматыдағы жалғыз университет.

✅ Ең үздік аграрлық оқу орнымен бірге өз болашағын таңдаған жастарға сәттілік тілейміз!

✅ Агроөнеркәсіптік кешен мамандығын меңгергісі келетін талапкерлерге есігіміз әрқашан ашық!

✅ Мекен-жайымыз – Алматы қаласы, Абай даңғылы 8.

KazNARU Баспасөз қызметі.

Грант иелерінің толық тізімі осында:

https://www.gov.kz/.../mod/press/article/details/205311...

---------Chatbot---------
виртуальный помощник