KazNARU

ТАБИҒАТ – БІЗДІҢ ЖАСЫЛ ҮЙІМІЗ

✅ Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Агробиология факультетінің «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының оқытушылары мен студенттері «Қоршаған орта – біздің жасыл үйіміз» атты тақырыпта дөгелек үстел ұйымдастырды.

✅ Белгілі экологтар және белсенділер, табиғат қорғаушылары мен мамандары, қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысқан дөңгелек үстелді кафедраның ассистенті, PhD Ләззат Жайлыбаева жүргізіп отырды.

«Елімізде жыл сайын 5 маусым «Қоршаған ортаны қорғау» күні ретінде дәстүрлі түрде атап өтіледі. Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні Біріккен Ұлттар Ұйымының 1972 жылғы 15 желтоқсандағы 27-сессиясында жарияланған болатын» - деді ол.

✅ Дөңгелек үстелге қатысушылар алдында сөз сөйлеген ұлағатты ұстаз, «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедарысының профессоры, а.ш.ғ.д., ҚР Аграрлық ғылымдар академиясының және Халықаралық «Экология» академиясының академигі Нәзия Сүлейменова көтерілген тақырыптың маңыздылығын атап өтті.

«Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз – бұл негізінен айналамыздағы ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, сақтау және көркейту ғана емес, сонымен бірге табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі. Сондықтан үкіметіміз адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды баршаның алдына мақсат етіп қояды. Біз де студенттерге дәріс өткізу барысында осыны үнемі назарда ұстаймыз, әрі соған үйретеміз», - деді Нәзия Шөкенқызы.

✅ «Агробиология» факультетінің деканы Ержан Абилдаев, п.ғ.к., профессор Бағылан Махамедова, аға оқытушы, PhD Жанар Сағидолдина іс-шараға қатысушыларды экологтар күнімен құттықтай отырып, болашақ мамандарды экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, ерекше білім дағдыларын терең меңгеруге шақырды.

✅ «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедарасының аға оқытушысы, б.ғ.к., Эльмира Букенова студенттерді қоршаған ортаны қорғауға баулу мақсатында «Жоғары мектепте экобелсенділіктің маңызы» атты баяндамасын ортаға салды.

✅ Іс-шара барысында факультеттің «Экология» маманыдығында оқитын студенттер – Шахизад Әділбек «Біздің Жер - біздің болашағымыз!», Уәлиханова Аяулым «Ауаның ластануымен күрес», Бейбіт Нұрай - «Пластикалық ластанумен күрес» тақырыптарында дайындаған презентацияларын ұсынып, видео-роликтерін көрсетті.

✅ «Дөңгелек үстел өте қызықты және мазмұнды өтті. Онда жер мен табиғат байлығын сақтау, оның пайдалы қазбаларын, су ресурстарын, өсімдіктер мен жануарларды қолдану, ауа мен судың тазалығын қамтамасыз ету, яғни қоғам мен табиғаттың гармониялық қарым-қатынасын қамтамасыз ету сияқты маңызды мәселелер жан-жақты қамтылды», - деп атап өтті декан Ержан Советбекұлы.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник