KazNARU

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП – 2025»: ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ФУНКЦИОНАЛДЫ ТАМАҚТАНУ

«Халықаралық жазғы мектеп – 2025» аясында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өңдеудің инновациялық» секциясында техникалық ғылымдар докторы, профессор, Жазғы мектептің топ жетекшісі Абдыманап Оспанов ғылым мен практиканың аграрлық өнімдерді өңдеудегі өзара байланысының маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, ол студенттер мен жас мамандар арасында функционалды тамақтану мен биотехнология салаларындағы құзыреттерді қалыптастырудың ерекшелігін тәжірибе жүзінде көрсетті.

✅ Секция жұмысында техникалық ғылымдар докторы, Воронеж мемлекеттік инженерлік университетінің профессоры Виталий Василенко өз лекциясында жануарлар шикізатынан алынған биологиялық белсенді заттары бар жаңа функционалды тамақ өнімдерінің адам денсаулығы үшін әсерін, ұзақ өмір сүрудегі пайдасын нақты мысалдармен жан-жақты түсіндірді. Қатысушылармен бірге биологиялық белсенді заттардың (ББЗ) ағзаға әсер ету механизмдері және функционалды рацион құру тәсілдері бірге талқыланды.

✅ Ал шеберлік сабағында шетелдік профессор балдың сапасы мен түпнұсқалығын анықтау әдістерін практикалық түрде таныстырды. Балды фальсификациялау белгілерін анықтау және оның органолептикалық, физика-химиялық сипаттамаларын талдау тәсілдерін меңгеру ұсынылды. Қазіргі уақытта табиғи өнім шикізатын бақылау – функционалды өнім өндірудегі басты буын екеніне назар аударылды.

✅ Қатысушылар агробиотехнология мен функционалды тамақтану саласына терең үңілудің маңызды кезеңдерін үйренді. Оның ішінде:

ᴥ жануарлардан алынатын өнімдердің биологиялық белсенді компоненттері туралы заманауи білімнің озық әдістері;

ᴥтағамдық шикізатты анықтау бойынша практикалық дағдылар;

ᴥжасушалық деңгейде морфометриялық зерттеу тәжірибесін меңгеруге қатысты.

✅ «Халықаралық жазғы мектеп – 2025» барлық білім алушы жастардың ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған мазмұнды оқу және зерттеу бағдарламаларымен жалғасуда.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник